29 Қыркүйек 2026, 09:29 Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында үш адамды ашық теңізге толқын алып кетті

Құтқарушылар жоғалғандарды тауып, жағаға жеткізді.

Маңғыстау облысында құтқарушылар үрмелі қайықпен жағадан алыстап кеткен үш адамды тапты. 

Не болды?

Белгілі болғандай, кеше түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен.

Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар сақтық шараларын сақтауды ескертеді

ТЖМ өкілдері жел күшейген кезде теңізге шықпау және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керегін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 12-қабаттан секіргелі тұрған бойжеткен құтқарылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Шиеліде жол апатына ұшыраған жасөспірім тікұшақпен Қызылордаға жеткізілді

Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды

Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды