Маңғыстау облысында көпбалалы ана "Күміс алқаға" зорға дегенде қол жеткізді
Прокуратураның араласуымен көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды
Маңғыстау облысының прокуратурасы көпбалалы ананың «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын алу құқығын қалпына келтірді.
Анықталғандай, алты бала тәрбиелеп отырған Қарақия ауданының тұрғыны 2023 жылы «Күміс алқа» мемлекеттік наградасына ұсыну туралы өтініш берген.
Алайда ауданның уәкілетті органдары ұзақ уақыт бойы оның өтінішін қарау және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.
Содан кейін жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігімен келіспеген азаматша Маңғыстау облысының прокуратурасына жүгінген.
Облыс прокуратурасының сүйемелдеуімен қажетті құжаттар рәсімделіп, уәкілетті органның қарауына жолданды. Нәтижесінде оларды қарау қорытындысы бойынша осы жылы сәуір айында көпбалалы анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табысталды. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, - деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендегені, әйелдер көбінесе ана атануды кейінге шегеретіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Шымкентте сегіз баланың анасы отбасының көз алдында өртеніп кетті
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдер бар? Оларды кімдер ала алады?
Жәрдемақы мен зейнетақы: Астанадағы әлеуметтік қолдау жүйесі қалай жұмыс істейді?