Маңғыстау облысында елді мекендер арасына блокпост қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы “Хабар 24” арнасы хабарлады.
Сондай-ақ облыстан шығатын жер мен елді мекендер арасында бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылады.
Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаев көшелерде қаруланған патрульдік жасақ жүретінін ескертті.
Төтенше жағдай режиміне сәйкес ел Президентінің тікелей бұйрығымен заңда қарастырылған жағдайларда қару қолдануға рұқсат етіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Волонтерлер жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетеді
Келесі жаңалық
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Өзгелердің жаңалығы