Маңғыстау мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 62%-ға өсті
2025 жылы Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 62%-ға артты.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 62%-ға артты. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшыларының кеңесінің бірінші отырысында мәлімдеді.
«Бүгін алғаш рет Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесі өтті. Кеңес барысында өңірлер экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімдерге қол қойды. Былтыр Маңғыстау мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 62%-ға өсті. Алдағы аптада өңіріміздің 12 кәсіпкері қосымша келісімдер жасау үшін Ташкентке барады. Бұл – үздіксіз жүретін үдеріс, ал бүгінгі кездесулер өңіріміздің дамуына жаңа серпін береді», – деді облыс әкімі.
Қазіргі таңда Ақтауда өзбек капиталының қатысуымен құрылған 1,8 мыңнан астам кәсіпорын тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар өңірде Өзбекстанның шамамен 7,5–8 мың азаматы өмір сүріп, еңбек етуде.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден асатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының I жартыжылдықтағы қорытындысы жарияланды.
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40