Маман: Алматыдағы жер үйлер сейсмикалық нормаларға сай болуы керек
Алматы қаласының тұрғындары жер үйді салмас бұрын Ғылыми-зерттеу институтына келіп, кеңес ала алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматыда өткен "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумында "ҚазҚСҒЗИ" маманы Ералы Шоқпаров мәлімдеді.
Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймақ болғандықтан, кез келген ғимарат ережеге сай салынуы керек. Бұған жер үйлер де кіреді. Алматыдағы жер үйлер сейсмикалық нормаларға сай болуы қажет. Бүгінде жекеменшік үйлер сол үйдің иесінің иелігінде. Өз қаражатына салғандықтан, Үкімет, құрылыс саласы арласпайды. Сол себептен құрылысты бастамас бұрын білікті мамандардан кеңес алып, жоба жасалуы қажет. Тұрғындар біздің Ғылыми-зерттеу иниститутына келіп, кеңес ала алады. Бұл кеңесті біз кез келген адамға береміз, себебі үйді құрылыс нормаларын ескере отырып салуға шақырамыз, - дейді "ҚазҚСҒЗИ" маманы Ералы Шоқпаров.
Бұған дейін ол Алматыдағы ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігіне баға берді.