Бүгiн 2026, 20:57 Фото: istockphoto

Мальдив аралдарында бес италиялық зерттеуші қаза тапты

Олар 50 метр тереңдіктегі су асты үңгірлерін зерттеуді жоспарлаған.

Мальдив аралдарының жағалауында италиялық бес дайвер қаза тапты.

BILD мәліметінше, олар су астына сүңгігеннен кейін қайтып оралмаған. Зерттеушілер таңертең «Duke of York» кемесімен суға түсуге аттанған. Олар Маледен астанасынан оңтүстікке қарай орналасқан шамамен 50 метр тереңдіктегі су асты үңгірлерін зерттеуді жоспарлаған. Осыдан кейін олармен байланыс үзілген.

Италия Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарының қаза болғанын растады.

Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында белгілі теңіз биологы, Генуя университетінің профессоры Моника Монтефальконе де бар.

Дайверлер жоғалғаннан кейін Мальдив билігі катерлер мен авиацияны жұмылдырып, ауқымды іздестіру шараларын бастады. Кейінірек үңгірлердің бірінен кем дегенде бір адамның денесі табылды.

Қазіргі уақытта Мальдив полициясы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін аймақта қатты желге байланысты ескерту жарияланған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Мальдив аралдарында демалып жүрген турист акуланың шабуылынан саусағынан айырылып қала жаздады.