Бүгiн 2026, 12:20 Фото: pixabay

Махаббат жасқа қарамайды: Алматыда 92 жастағы қария үйленді

Мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді.

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелген. Соның ішінде некесін қиған ең қарт адам 92 жаста екені белгілі болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Үйленушілердің орташа жасы: Қалыңдықтарда - 29 жас, күйеу жігіттерде - 32 жас.

Неке қиюға өтініш берген ең егде азамат - 92 жастағы ер адам. Ал ең жас жұп заң талаптарына сәйкес рұқсат алып, 16 жасында отбасын құрды, - деп хабарлады корпорациядан.

Сондай-ақ, осы кезеңде 409 жұп шетелдіктермен некеге тұрған.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп ажырасуға өтініш берген. Ажырасуға өтініш берушілердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас.

Некеге тұруға қалай өтініш беруге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» неке тіркеуге өтінішті кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын тапсыру қажеттігін ескертеді. Қызметті келесі жолдармен рәсімдеуге болады:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының АХАТ (РАГС) бөлімдерінде;

eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;

Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Сондай-ақ, жас жұбайлар өз қалауы бойынша неке қиюдың салтанатты рәсімін өткізе алады.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Қазақстан ажырасу бойынша көшбасшы емес екенін айтты. 

Тағы оқи отырыңыздар: 

Қазақстанда отбасын не бұзады? Сарапшы ажырасудың негізгі себептерін атады

«Ажырасу өте оңай»: Қазақстанда неке бұзу тәртібі қиындатылмақ

Қазақстанда ажырасудың ең қауіпті кезеңі анықталды: Статистика не дейді?