Бүгiн 2026, 12:55 Фото: видеодан скриншот

Лифтпен төбелескен «батыр»: Астанада мас тұрғын екі жеделсатыны істен шығарды

«Лифтпен төбелесіп, 1,5 миллион теңгеге ұтылды».

Астанада ер адам лифтінің тепкілеп, есігін кұшпен ашқан.

Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйінде үйдің ортақ мүлкін әдейі бүлдірген 34 жастағы ер адамды анықтады.

Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті анық құрметтемей, күш қолдану арқылы алдымен бір лифттің, кейін екінші лифттің есігін қолымен ашып, теуіп, соққы жасап, салдарынан жеделсаты жабдықтарын істен шығарған. Келтірілген материалдық шығынның сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада шетелдік әйел лифт ішінде дәрет сындырғаны хабарланды.