Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 23 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы, 15,9 миллион науқас емделіп, 800 мыңнан астам адам коронавирустық аурудың асқынуынан қайтыс болды.
Әлем елдерінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 23 миллионнан астам адам бар. Бұл туралы worldometer статистикалық сайты хабарлады. Нақтырақ айтқанда, 23 тамыз күні таңертең әлемде 23 379 580 COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы зертханалық түрде расталды. Оның 15,9 миллионы емделіп, 800 мыңнан астам адам коронавирустық аурудың асқынуынан қайтыс болды.
Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ 5 841 428 жағдаймен алда келеді, содан кейін Бразилия (3 582 698) және үшінші орынды Үндістан (3 043 436) алады. Жалпы, әлемде коронавирустың шамамен 6,7 миллион белсенді жағдайы бар.
Хабарланғандай, COVID-19 пандемиясына байланысты аштық қаупі "библиялық деңгейге" жетуі мүмкін. Жыл соңына дейін ғаламшардағы аш адамдар саны 80% - ға өседі.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус адамзат коронавирустық инфекцияны 2022 жылдың соңына дейін жеңе алады деген болжам жасаған болатын.