Лайк үшін 15 тәулік: Желіде «жұлдыз» болғысы келген азамат қамауға алынды
Хайптың соңы қамаумен аяқталды.
Әлеуметтік желіде танымал болғысы келген алматылықтың әрекеті әкімшілік қамаумен аяқталды.
Интернетте тараған бейнежазбада ер адам былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Бұл бейне көп ұзамай полицияның назарына ілікті.
Полицейлер құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол – 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция танымалдық үшін жасалған құқыққа қайшы әрекеттер міндетті түрде заң аясында бағаланып, тиісті жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада полиция формасын киіп, әлеуметтік желіге видео түсірген блогер жазаланды.
- Илон Маск пен Сэм Альтман ЖИ дамуын бәсеңдетуді қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі? 08:29
- Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды 08:18
- Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады 08:02
- Anthropic басшысы жасанды интеллектінің дамуын бәсеңдетуге шақырды 07:49