Қытайда екі мың жылдық тарихы бар құдық табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шаньси провинциясында шамамен екі мың жыл бұрын қазылған құдық анықталды, деп жазды korrespondent.net.

Құдықты бойлай орналасқан ағаштың талдауы оның біздің заманымызға дейін 475-221 жылдарға тиесілі екенін көрсетті. Оның тереңдігі 4,5 метр. Ағаш конструкцияның тоғыз қабырғасы бар.

Ежелгі Қытайда тоғыз саны ұзақ ғұмыр мен ізгі бастауды білдірген. Ағаш жақтаулардың технологиясы бірегей деп танылуда. Ал оның ашылуы ежелгі ағаш құдықтар мен ғимараттар тарихын зерттеуге елеулі үлес қосады деп күтілуде. 

Бұл кезең Қытай тарихында Тақ шайқасы кезеңі деп аталған және әр аумақта хандықтар мен оның иесі болған. 

Олар билік үшін таласқан. 

221 жылға қарай билік басына Цинь хандығының билеушісі Ин Чжэн келіп, тарихта бірінші Цинь Шихуанди қытай императоры деген атпен қалды және барлық аумақтың басын біріктірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы