Қытай допинг қолданғандарды түрмеге қамамақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда тыйым салынған препараттарды қолданған спортшыларға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Тиісті түзету елдің қылмыстық заңнамасына енгізілді. 2021 жылдың наурызынан бастап допинг пайдалану қылмыстық құқық бұзушылыққа жатқызылады. Тәртіп бұзушыларды үш жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл күтіп тұр.
Айта кетейік, жақында футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?
Өзгелердің жаңалығы