Қылмыстық жауапкершілікке ең көп тартылатын дәрігерлер кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары Серікболсын Темірханов қылмыстық жауапкершілікке ең көп тартылатын медицина саласының мамандарын атады.
Оның айтуынша, адамдар жұмысы хирургиялық ота жасаумен тікелей байланысты медқызметкерлердің үстінен сотқа көп шағымданады.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде.
Көбінесе қылмыстық істер адам өлімімен аяқталу қатері жоғары хирургиялық оталар жасалатын салаларда болады. Олардың қатарына акушерия, гинекология, хирургия, травматология, анестезиология жатады. 2017-2020 жылдар аралығында сотқа Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша 50 қылмыстық іс келіп түскен. 43 іс бойынша 70 адамға қатысты үкім шығарылған. Қарастырылып отырған қылмыстық іс көп жағдайда пациенттер пайдасына шешіледі. Медициналық қызметкерлер материалдық шығынды өтейді, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары Серікболсын Темірханов.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған бап шеңберінде зардап шеккендерге 140 млн теңгеден астам моральдық және материалдық өтемақы төленген.
Ал сақтандыру төлемдері медицина қызметкерінде сақтандыру полисі болған жағдайда ғана сот шешімімен жүзеге асырылады. Егер өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды бағалауды қарастыру қылмыстық жауапкершілікке ауысса, сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмайды. Сондықтан сақтандыру төлемі сирек жасалады немесе оның болмауына байланысты төленбейді. Осылайша, медициналық оқиға болған жағдайда медициналық қызметкер жағдаймен бетпе-бет жалғыз өзі қалады. Медициналық қызметкердің алатын жалақысын ескерсек, пациентке шығынның орнын өздігінен өтеу мүмкін еместігін атап өтті ведомство өкілі.