Құс өсіру бизнесі. Тәубе мен тәуекел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысын құс етімен қамтуды басты мақсатына айналдырған құс фабрикасы бүгінде табысты жұмыс істеп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге шақырды. Ал екінші дәрежелі банк пандемия кезінде бизнестің дамуына үлес қосты.

Кәсіпорынның бас директоры Темірғали Ескендіров инкубациялық жұмыртқаны Башқұртстаннан әкелетінін айтты.


Біз 4 жылға келісім орнаттық. Бұл жұмыртқалар дүкенде сатылатыннан ерекшеленеді. Дүкендегі жұмыртқалар бір ұрықты. Ал біз үй тауықтары басатын жұмыртқаны аламыз. Оны жеткізген соң, 22 күннен кейін бір тәуліктік балапан пайда болады. Инкубациялық сөрелерде арнайы ылғал мен температурада 18 күн жатады. Ол тауықтың астында жатқандағыдай үрдісте болады. Кейін олар шыққан басқа сөреге ауыстырылып, сол жерде 3 күн жатады, - деді Ескендіров.

Бас директордың айтуынша, бүгінде кәсіпорынның осындай 30 корпусы бар.


Бір корпусқа 25 мың тәуліктік балапан сыяды. Осы 25 мың балапанның 24 мыңы тірі қалады. Біз оларды корпустарға жайғастырамыз. 18 корпус жұмыста болса, 10 корпуста дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Себебі құс тұмауынан қорғау шараларын үнемі жүргізіп отыру керек. Қазір біз жылына 4,5 млн бройлер тауығын өндіреміз. Бір кезеңде 650 мың құс тұрады, - деді кәсіпорын директоры.


Темірғали Ескендіров айтқандай, құс тұмауын үнемі қаперде ұстау керек.


Себебі тар кеңістікте құс тұмауы бірден тарайды. Құс өсіру ветеренария саласындағы ең тәуекелді бизнес. Бір құс ауырса, бірден жаппай тарап кетеді. Мысалы, бір корпустағы бір тауық вирус жұқтырса, 650 мың құс қырылып қалуы әбден мүмкін. Бұл біз үшін үлкен проблема, - деді ол.


Ескендіровтің айтуынша, Қазақстан жылына 340 мың құс етін тұтынады.


Ал 220 тонна құс етін өндіреді. 40 пайызын импорттаймыз. Ішкі нарық толық қамтамасыз етілмей отыр. Сондықтан экспорт жайлы айту қиын. Біз өз алдымызға Батыс Қазақстан облысын құс етімен толық қамтамасыз ету мақсатын қойдық. Біз нарықтың 25 пайызын алып отырмыз, - деді ол.

Ескендіров атап өткендей, қазір тұтынушылар мұздатылған етке қарағанда салқындатылған етті тұтынады.


Ал салқындатылған етті сатудың тәуекелі жоғары. Себебі ол көп тұра алмайды. Тез арада өткізу қажет. Мұздатылған еттің салыстырмалы түрде сергелдеңі аз, - дейді ол.

Қазір құс фабрикасында тұрақты түрде 238 адам жұмыс істеп жатыр.


Жылына 7500 тонна тауық етін өндіріп отырмыз. Тауық еті БҚО нарығына жеткізіледі. Біз екінші дәрежелі банктен несие алдық. Үкімет 8 пайызын жабады. Біз 6 пайызбен несие төлеп отырмыз, - деді Ескендіров.

Директордың айтуынша, құстарды тамақтандырудың да машақаты зор.


Құстарға арналған қорекке сояны қосып отырамыз. Себебі оның құрамында ақуыз бар. Осылайша, балапандардың қатайып жетілуі үшін тек құнарлы, сіңімді астық пайдаланылады, - деді ол.

Ал цех бригадирі Әділбек Әсетов осы кәсіпорында 4 жыл еңбек етіп жатыр.


Менің міндетіме келіп түскен сұранысты, уақытылы орындау кіреді. Күніне 40-45 тонна етке өтінім түседі. Біз оларды дайындап, өндіріп береміз. Күніне 25 мың тауық сойылады. Цехте 150 адам жұмыс істейді. Айына 15 күн жұмыс істейміз. Жоспар бойынша жұмыс істейміз. Біз техникамен жұмыс істегендіктер, ол бұзылып, істен шығып қалуы мүмкін. Одан басқа, ешқандай кедергі болмайды.Жұмыс қарқынды жүргізіледі, - деді ол.

Әділбек Әсетов ол ветеринариялық медицина мамандығын тәмамдаған.


Мамандығым бойынша қызмет етіп жүрмін. Осы цехқа қарапайым жұмысшы болып келдім. Екі жылдан кейін цех бригадирі болып тағайындалдым. 150 адам қарамағымда жұмыс істейді, - деді ол.

Екінші дәрежелі банктің Орал қаласындағы филиал директоры Светлана Шашкова фабриканың бизнес жоспары ұнағанын айтты.


Жоба қалаға керек. Себебі осыған дейін Орал мен БҚО-да мұндай жоба болмаған. Сондықтан біз белсенді түрде осы кәсіпорынды қолдауға кірістік. Біз бройлер өндіретін құс фабрикасын қаржыландырдық. Оның сомасы 3 млрд теңгеден асты. Кез келген инвестициялық жоба клиент пен банк арасындағы келісімшарт емес. Оның айналым процесіне де көңіл бөлу керек, - деді Шашкова.


2016-2017 жылдары банк өндірістік қуаты жылына 7 200 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын құру жөніндегі жобаны инвестициялады.


Сондай-ақ жыл сайын осы кешенді жаңарту жұмыстары мен жабдықтар, техниканы сатып алуды қамтамасыз етеді.

 

Айта кетейік, ЖШС - ет шикізатын қайта өңдеу және дайын өнімдер шығару бойынша өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі.


 Компания дамыған инфрақұрылымы және материалдық-техникалық базасы бар, тәулігіне 20 тоннадан астам өнімнің өндірістік қуатымен табысты дамып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы