Курьер болу төзімділік пен сыпайылықты қажет етеді

Курьерлер біздің күнделікті өмірдегі жұмысымыздың көптеген тұсын едәуір жеңілдетуге көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар шағын сәлемдемемізді, азық-түлігімізді, құжаттарымызды жеткізіп, уақытымыз бен күш-жігерімізді үнемдеуге мүмкіндік береді. 

«Еңбек адамы және ерікті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында біз тапсырыс алған сәттен бастап клиентке жеткізілгенге дейін курьерлердің қалай жұмыс жасайтынын көрсетеміз. 

Сондай-ақ курьер ретінде табысты жұмыс істеу үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет екенін және олардың жолда әртүрлі қиындықтар мен кедергілерді қалай жеңетіні туралы айтатын боламыз. Мархабат!

Бағдарламаның бұған дейінгі шығарылымында күннің ыстығы мен қақаған аязына қарамай қоғамдық орындардың таза болуы үшін еңбек ететін коммуналдық қызмет маманына арналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы