Күн райы күрт құбылады: Синоптиктер аптап ыстық пен нөсер жаңбыр жауатынын ескертті
Қазақстанда 2-4 маусымда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
2 маусымда Павлодар облысында, 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы батыста +23…+28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+26°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде +25…+32°С-қа дейін, республиканың орталығы мен шығысында +27…+36°С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35°С шамасында болады, - деп болжайды синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты.