КТ және COVID-19 тестілеуі туралы нені білген жөн?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда көпшілікті алаңдатып отырған екі мәселе бар. Ол – компьютерлік томография мен ПТР әдісі бойынша тестті қай жерде тапсыру керек деген сұрақ. Алайда көп жағдайда медициналық тексерудің бұл түрінен ешқандай көрсеткіштері жоқ адамдар өтуге ниет білдіреді.
Мұны тәжірибе жүзінде байқап отырмыз, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Сондықтан біз төмендегі материалдан зерттеудің бұл екі түрінен профилактика мақсатында өтуге болмайтынын және көмектің бұл түрі қажет науқастарға не істеу керектігі туралы ақпарат беріп отырмыз.
ПТР-тестілеу: кімге тиесілі
Ақылы тестілеуге қатысты дау әлі де толастамай тұр. Зертханаларға COVID-19 дертінің бар-жоғын анықтау үшін халық көптеп ағылуда, кейбіреуінің жұмысына коронавирус инфекциясы жоқ деген анықтама қажет болса, енді бірі өзгеден тестілеу нәтижесісіз дәрігерлер емдемейді, ауыр халге түскен жағдайда стационарға жатқызбайды дегенді естіген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің бірде бір нормативтік-құқықтық құжаттары мен клиникалық хаттамасында да мұндай шектеулер жазылмаған. Дегенмен осы жағдайдың бәрі шын мәнісінде тестілеуді қажет ететін адамдардың өмірін қиындатып отыр.
ПТР-ға жолдаманы тұрғылықты жері бойынша тіркелген медициналық ұйымнан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін алуға болады. Дегенмен бұл баршаға бірдей берілмейді. Ол ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандарға, COVID-19-бен провизорлық және инфекциялық стационарға жатқызылғандарға, медициналық бақылауда амбулаторлық емдеудегі COVID-19 дертіне шалдыққан науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандарға 7-күні және COVID-19 жұқтырғандарға хаттамаға сәйкес тиесілі.
ПТР тестілеуден профилактикалық мақсатта тегін өте алатындар: шетелдің "зарарланған аймағынан" әуе рейстерімен келгендер, мемлекеттік бас санитария дәрігерінің қаулысымен бектілігендер, әскер қатарына шақырылғандар, сондай-ақ COVID-19 белгілері бар медициналық қызметкерлер. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тегін тестілеу стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу кезінде немесе гемодиализ алатын, сондай-ақ қылмыстық-түзеу және әлеуметтік медициналық мекемелерге түскендер рәсімдеу кезінде бір рет өте алады.
Қалғандары 15-16 мың теңгеге тестілеуді ақылы түрде тапсыра алады. Бірақ ұзын-сонар кезекте немесе анализ тапсырғаннан кейін де коронавирус инфекциясын жұқтырып алуыңыз ықтимал. Ол үшін сізге ешкім кепілдік бере алмайды. Оған қоса үш айлық үздіксіз қыруар жұмыстың нәтижесінде зертхана мамандарының басым бөлігі инфекция жұқтырған. Ал бұл маман тапшылығына әкеп соғуы әбден мүмкін.
ПТР тестілеуді емханаға қарасты арнайы мобильді топты шақырып тегін тапсыруға болады. Тұрғындар үшін бұл қызмет тегін көрсетіледі.
КТ скрининг емес!
Бүгінгі таңда үрейге бой алдырғандар ешқандай көрсеткішсіз жаппай компьютерлік томографиядан өтуге асығуда.
Бірінші ескеретін жайт – КТ бұл скрининг емес. Зерттеудің бұл түрінен өту үшін күрделі көрсеткіштер немесе қандайда бір симптомдар болуы тиіс. Пневмония кезінде дене қызуыңыз 38-38,5 градусқа дейін көтеріліп, тоңсаңыз, ұстама тәрізді қақырық түсіретін жөтел, ентігу, кеуде тұсындағы жайсыздық, бас ауруы, қан аралас қақырық, тәбеттің болмауы, қан қысымының төмендеуі, тахикардия, бұлшық еттің талуы, жүрек айну, құсу, цианотикалық және жабысқақ тері.
Алайда науқасты бұл әдіспен тексеру туралы шешмді дәрігер қабылдайды. Томографияның пайдасы мен қатар зияны да бар. Өйткені ол иондалған сәуле арқылы өткізілетін диагностикалық әдіс. Егер тексеру кезінде сәулелену дозасы қажетті нормадан артық болса рентген сәулесі қан құрамына әсер етеді. Оны өзгертеді, ал бұл кейін патологияға алып келуі мүмкін.
Нәтижесінде, ересек адам оттегінің жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын лейкемия, тромбоцитопения, гемолитикалық өзгерістер, эритроцитопения секілді ауруларға шалдығуы мүмкін. Егер дәл осындай нәтиже көрсете алатын зерттеудің басқа әдісі болса, әрине дәрігер сол жолды таңдары анық. Мысалға, рентгенді анализ тапсырумен алмастыруға болатын болса, онда артық сәуле алудың қажеттілігі қанша.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 10-клиникалық хаттамасында пневмонияны диагностикалау үшін КТ ғана емес, сонымен қатар әрбір емханада бар және өкпедегі зақымдарды көрсете алатын рентген аппараттарды да көрсетілген. Егер елімізде 135 томограф болса, рентген аппараттары 3 мыңнан астам. Сондықтан қажет болған жағдайда сіз әрқашан қысқа мерзімде диагностикадан өте аласыз. Ал зерттеуден өтпес бұрын қажетсіз ақша жұмсап, өз денсаулығыңызға зиян тигізуіңіз мүмкін екенін естен шығармағаныңыз абзал.