Креслодан тұрып, халықпен жұмыс істеу керек – Ардақ Назаров
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін жаңадан сайланған депутат Ардақ Назаров халықтың жағдайын жақсы білетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа Үкіметке сенім білдіремін деп айта алмаймын. Жұмысымен көрсетуі керек, - деді ол.
Депутат Назаров Премьер-министр кандидатурасына дауыс бермей, қалыс қалғанын айтты.
Мен халықтың атынан келдім. Олардың жағдайын білемін. Ақордада немесе Парламент үйінде отырмадым. Кеше ғана келген азаматпын. Халықтың жағдайын өз көзіммен көріп келдім. Ордадан шығып, креслодан тұрып, халықпен жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана біздің жағдайымыз жақсарады, - деп айтты жаңа депутат кулуарда.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Премьер-министрдің лауазымына AMANAT партиясы ұсынған кандидатураны қолдады. Осылайша Әлихан Смайылов Үкімет басшысы атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа Премьер-министр қандай жұмыстарды атқаратынын айтты
Өзгелердің жаңалығы