26 Қараша 2026, 01:18
Фото: Ақорда
Кремльде Тоқаев пен Путиннің кездесуі өтті
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ 27 қарашада өтетін AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады.
Сонымен қатар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларына баса мән берілді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барғанын жазғанбыз.