Кремль Трамптың "Путин мені ренжітті" деген сөзіне жауап берді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты "мені жерге қаратты" деген мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Песков Трамптың Украинадағы бейбітшілік мәселесіне қатысты эмоционалды көзқарасын түсінуге болатынын атап өтті.

Біз Америка Құрама Штаттары мен президент Трамп жеке өздерінің саяси ерік-жігерін және украиналық реттеуді жеңілдету жөніндегі күш-жігерін жалғастыру ниетін сақтайды деген болжамдамыз. Сондықтан, әрине, президент Трамп бұл мәселеге қатысты, былайша айтқанда, әбден эмоционалды. Бұл әбден түсінікті, - деді Песков.

Кремль өкілі Путиннің де дипломатия арқылы бейбітшілікті жақтайтынын және осы мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіп жатқанын атап өтті. Ал Киев режимі мен Еуропа елдері, керісінше, қарсыласу жолын жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Трамп бұған дейін Украинаға қарсы соғысты тоқтату үшін Путинге ықпал ете алатынына күмән келтірген болатын.

Қыркүйектің 18-і күні Ақ үй басшысы ресейлік басшы "мені жерге қаратты"  деп мәлімдеді. Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтату Путинмен жақсы қарым-қатынасының арқасында оңай болатынына сенді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы