1 Қыркүйек 2026, 20:07 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Косметика астына жасырылған 32 кг есірткіні әкелу әрекеті тоқтатылды

Алматы әуежайында шекарашылар есірткіні елге әкелудің үш әрекетінің жолын кесті. Есірткі курьерлері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Шетел азаматтарының багажын тексеру барысында косметикалық өнім ретінде жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 кг-нан асты», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұл фактілер бойынша материалдар тиісті органдарға тергеу үшін берілді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды