Коронавирус жұқтырған науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалатынын айтып берді.
Коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу ауырлық дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Орташа ауырлық дәрежесі кезінде 400 мыңнан астам теңге, ауыр дәрежеде 800 мыңнан астам теңге жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық-диагностикалық қызметті жүргізуге арналған шығындар кіреді. Сондай-ақ пациент стационарда алатын ем кіреді: бейінді стационарда және реанимациялық төсек-орында емделу, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттеріне тоқталған болатын.
Ол сонымен қатар, ӘМСҚ қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін 6,3 млрд теңге жұмсалғанын және өзінің коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзербайжан қызанақтарынан вирус анықталды – АШМ
Өзгелердің жаңалығы