Коронавирус: жаңа оқиға тіркелген жоқ – ҚР ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Telegram каналында хабарлады.
Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай кеше ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус анықталғанын айтқан. Кейін ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус белгілерімен тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатқанын хабарлады. Коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтанда анықталды. Сонымен қатар Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус белгісі анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін – Көрісу күні
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы