Коронавирус: Төртінші қазақстандық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус жұқтырған төртінші адам туралы ақпаратты растады.

Ол Германиядан ұшып келген Қазақстан азаматы. Сонымен Қазақстанда коронавирус жұқтырған 4 адам тіркелді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай екі қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы брифингте ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Ал ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус белгілерімен тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатыр. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтанда анықталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы