Коронавирус. Індет қай аймақтарда өршіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Айтуынша, елімізде де коронавирус індеті өршіп келеді. 

Әлемде сырқаттанудың өсуімен қатар біздің елде де 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың  өсуі байқалады. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 1030 жағдайдан 2558 жағдайға дейін 2,5 есеге өсті. Тәулігіне коронавирустың расталған саны (КВИ+) 1300 жағдайға дейін, ал коронавирустың расталмаған саны (КВИ-) 15 жағдайға дейін тіркелуде, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр вирус қай аймақта көп таралып жатқанына тоқталды. 

Сырқаттанудың ең көп таралуы еліміздің ең ірі мегаполистерінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында басталады. Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-ы) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында орын алды, - деді Ажар Ғиният. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері Омикрон ВА.5 штамы көп таралып жатқанын айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы