Коронавирус. Елордада қандай карантиндік шектеулер бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, қаланың қай аймақта орналасқанына қарамастан, нысандарға шектеусіз қызмет етуге рұқсат етілді.
Елорданың «сары» аймақта орналасқанын ескере отырып, «жасыл» және «көк» мәртебесі барларды кіргізуге рұқсаты бар объектілер критерийлерге сәйкес толымдылығы 70%-ға дейін жұмыс істеуге құқылы. Олар: театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд бөлмелері, компьютерлік клубтар, боулинг, цирктер, қоғамдық тамақтану объектілері, мейрамханалар, дәмханалар, - деп атап өтті қаланың бас санитарлық дәрігері.
Сонымен қатар келушілер мен барлық персонал «жасыл» статусты болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысушылар: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни объектілерге кіре алады. Бұл еске алу, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету қабылданған болатын. Алайда елорданың «сары» аймақта болуы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулыларымен белгіленген жекелеген карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін жоймайтынын есте ұстаған жөн, - деді Сархат Бейсенова.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол елордадағы эпиджағдайдың қандай деңгейде екеніне тоқталған болатын.