Коронавирус: Еліміздің барлық шекарасында бақылау күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі барлық шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтті.
Министрі Елжан Біртановтың бұйрығына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шекарасында азаматтардың қозғалысы қатаң қадағаланады.
Атап айтқанда халықаралық әуежайлар мен теміржол, автомобиль және теңіз шекаралары жіті назарда. Енді коронавирус анықталған елдерден ұшып келген ұшақтың жолаушылары күдікке ілінсе, әуе кемесі санитарлық тұраққа қойылып, Сан-эпидемия станция қызметкерлері науқастардың жағдайын бағалайды.
Сонымен қатар, министр аталған вирусқа қатысты экспресс тест әлем бойынша әлі табылмағанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде шетелдік көліктерді тіркеу науқаны басталды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы