Коронавирус. Тоқтатылған әуе рейстері бойынша билет құны қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев коронавирус инфекциясы таралған елдермен әуе рейстері шектелгенін айтты.

Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты апталық 34 рейс 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқарды. Сонымен қатар "Mahan Air" әуе акомпаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылды - деді ол.

Оның айтуынша, енді  5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. 
Алматы - Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін шектеп жатырмыз. Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін шектеледі. Рейстердің тоқтатылуына байланысты билеттері бар жолаушылар 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады, - деді вице-министр.

Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында коронавирус инфекциясы жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты авиарейстерді шектеуді және еңбек мигранттарын қабылдамауды тапсырды. Сонымен қатар, 5 наурыздан бастап Ираннан келетін рейстерге шектеу қойылатынын хабарланды. Бұдан бөлек премьер-министр Қытайдан келетін жұмыс күшіне шектеу қою керектігін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы