Коронавирус: Алматылық медқызметкерлер жұқтырған жоқ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында коронавирустың таралуының алдын алу штабы құрылған кезден бастап барлық медицина қызметкерлері қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткізген онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің барлығы арнайы киімдермен қамтамасыз етілген.

Ол арнайы киімдермен қамтылды, респираторлар, маскалар және залалсыздандыру құралдары да жеткілікті. Медицина қызметкерлері күн сайын мекемеге кіріп, шыққанда термометриядан өтіп тұрады. Яғни, сақтық шараларын қатаң сақтап отыр. Қазіргі уақытта қаладағы медицина қызметкерлері арасында вирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, - деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар, ол қауіпті вирус анықталғандардың барлығы сырттан келгендер екенін атап өтті. Қазір бұл адамдармен байланыста болғандардың барлығы карантинге жабылған.

17 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекциясы анықталғандар саны 11 адамға жетіп отыр. Бұл адамдармен байланыста болғандардың барлығы 14 күндік карантинге жатқызылған. Сонымен қатар, Алматыдағы медициналық мекемедегі карантинде  720 адам, үй карантинінде 726 оқшауланған.

Айта кетейік, 15 наурызда мемлекет басшысы коронавирустың жаппай таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы