Коронавирус: 362 адам көз жұмып, 483 адам толық жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ухань қаласында толық жазылғандар саны қайтыс болғандар санынан көп екенін хабарлады. Ол бұның қуанышты жаңалық екенін айтты.
Дүниежүзінде бүгін түске дейін вирус жұқтырғандар саны 17 459 адамға жетті. Одан 362 адам қайтыс болды және 483 адам толық жазылып шықты. Өлімге әкеп соққан 96 пайыз оқиға аурудың ошағы болған Хубэй провинциясында тіркелген, - деді Жандарбек Бекшин "ҚазМедиа" орталығында өткен баспасөз брифингте.
Спикердің сөзіне сүйенсек, әлем бойынша ауруды жұқтырғандардың 98,9% – Қытай тұрғындары екен.
Бұдан үш қорытынды жасауға болады: біріншіден, инфекцияның таралуы жалғасуда, дегенмен ең алдымен Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында толық жазылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті. Бұл бізді қуантады. Үшіншіден, Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, Қытай үкіметі эпидемияны негізгі аймақта ғана оқшаулауы керек, - деп мәлім етті бас санитарлық дәрігер.
Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Уханьнан келгендердің ешбіреуінен коронавирус табылмағанын және Қытаймен шекара жабылғанын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда мас адам жолаушылар автобусын айдап кетті
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы