13 Қазан 2026, 16:39 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Король Филипп пен патшайым Матильда қазақтың ұлттық мұрасымен танысты

Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп және патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралап, «Алтын адам» жәдігерлерін көрсетті.

Тағы оқи отырыңыз: Бельгия королі мен патшайымын Қазақстанның қандай ғылыми жаңалықтары қызықтырды? 

«Шаңырағыңыз биік болсын»: Бельгиялықтар королінің сөзі мен патшайымының киімі шетелдік БАҚ назарында