Конституциялық сот кімді қалай қорғайды?

Бұл туралы сарапшы Марат Бәшімов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Конституциялық сотқа соттар да арыздануына болады. 

Конституциялық соттың адвокаттармен қарым-қатынасы жоғары деуге негіз бар. Соттың қолданған заңдары Конституцияға сәйкес келмесе, адвокаттар да, азаматтар да Конституциялық сотқа барып арыздана алады. Бір ғана істің өзінде қаншама адам Конституцияға сәйкес келмейтін заңдардан босатылады. Осылайша, құқықтық мемлекетте адам құқығының бірінші орында тұрғанын аңғару қиын емес, - деді Марат Бәшімов «Қазақстанда Конституциялық соттың енгізілуі -әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам»  тақырыбындағы  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыдан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол Конституциялық соттан жоғарғысы болмайтынын алға тартты. 

Себебі ол Ата заңды қорғап отыр. Бұл сот заң шығарушы органды конституциялық тәртіпке тарта алады деген сөз. 78-бап бойынша соттар да Конституциялық сотқа арыздана алады. Бірақ оны қолданбайды. Сол үшін конференция заңгерлер мен адвокаттардың адам құқығын қорғауды көтеру бойынша жұмыс істейді, - дейді сарапшы. 

Айта кетерлігі, Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 2022 жылдың 5 қарашасында жария түрде қол қойған болатын.  Қабылданған құқықтық актілер олардың құқықтарын бұзды деп санаса, Бас прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және қарапайым азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Еске сала кетейік, елде Конституциялық сот 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысына кіріседі. Конституциялық сотты құру бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, биыл 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдумдағы конституциялық реформаға енгізілді.
Тиісті заңға Президент 5 қарашада қол қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы