Бүгiн 2026, 13:00 Фото: referendum_2026 телеграм арнасы

Конституциялық комиссия мүшесі: Штаб енді аймақтарды аралайды

Комиссия 1000-нан астам ұсынысты қараған.

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым "Референдум–2026" онлайн-марафонына қатысып, Конституция жобасындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия 1000-нан аса ұсынысты қарады. Әрбір ұсыныс білдірген азаматқа біз алғыс айтуымыз қажет. Тіпті ол сыни пікір білдірсе де. Себебі ол мемлекеттің болашағына бейжай қарап отырған жоқ. Осыны түсіндіріп, азаматтармен танысу мақсатында жақында штаб аймақтарды аралауды жоспарлап отыр, - дейді Айдос Сарым.

Еске салайық, 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Бұл күні Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауын жасайды.

Ал бүгінгі «Референдум–2026» онлайн марафоны жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң. Марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Марафон отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланып жатыр.