Коммуналдық кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ҚМА Атырау облысы департаменті «Жылыойсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Алагузовқа қатысты іс тергеуі аяқталды. Кәсіпорын басшысы 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін «Жылыойсу» МКК-нан монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы, яғни Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызмет бағытындағы шаруашылық қызметтерінің тарифтерін негіссіз көтеріп, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңды айналымға тартумен заңдастырған. Жылыой халқына көрсеткен коммуналдық қызметтері үшін мекеменің кассасына түскен қолма-қол қаражатын аса ірі мөлшерді талан-таражға салып, жымқырып, барлығы 126 млн теңге залал келтірген, - деді Әбділов.
Ол атағандай, тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды.
Сонымен қатар, тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді. Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерінде материалдық жауаптылығы бар мекеме басшысы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі, - деді ол.