Бүгiн 2026, 09:27 Фото: Алматы облысының ТЖД

Көлсайда демалып жүрген турист басынан жарақат алды

Көлсай көлінде құтқарушылар демалушыға алғашқы көмек көрсетті.

Көлсай көлінде Алматы облысы ТЖД құтқарушылары басынан жарақат алған 1989 жылы туған демалушы әйелге көмектесті.

Құтқарушылар зардап шегушіге дереу алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, жарақатын өңдеп, таңғыш салды және қажетті күтім жасады. Кейін ТЖД қызметкерлері қызметтік автокөлікпен зардап шегушіні жақын маңдағы Саты ауылына жеткізіп, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деді Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жуырда Көлсай көлінде ТЖД қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған құтқару бекеті ашылған болатын. 

ТЖД азаматтарды табиғат аясында және су айдындарының маңында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында бассейнге батып кеткен 1 жарым жасар бүлдіршін құтқарылды.