"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысының видеосы (Panthera uncia) ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында жарияланды.
Бұл ерекше кадрлар ұзақ мерзімге орнатылған фототұзақтың көмегімен алынған. Бейнематериалдардан барыстың өз аумағын жүйелі түрде шолып жүретіні байқалады. Бақылау нәтижелері бойынша, ол бұл аумақта шамамен төрт ай бойы тіршілік еткен. Алынған деректер осы сирек жыртқыштың мекендеу ортасы мен мінез-құлқын зерттеу үшін аса құнды ғылыми материал болып табылады, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қайыңды көліндегі су астындағы орманға саяхат туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израильдегі қазақстандықтарға маңызды нұсқаулықтар айтылды
Өзгелердің жаңалығы