4 Қараша 2026, 15:58 Фото: видеодан скриншот

Патрульдік көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жауапқа тартылды

Көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жазаланды.

Таразда шулы видеодан кейін полиция қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеодан патрульдік көліктің терезесінен түкірген қызметкер байқалады. Енді іс материалдарын сот қарайды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті BAQ.KZ сауалына жауап жолдап, қызметтік тексеру жүргізілгенін растады.

«Аталған бейнежазбада көрсетілген полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесіне сәйкес, қызметкерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды», – деп хабарлады ведомствода.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған полиция қызметкері өмір бойына сотталды.