Көктемгі егін жұмыстарына несие қалай беріліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «Көктемгі егін жұмыстарына дайындық» тақырыбында өткен онлайн брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқармасының кредиттеу жөніндегі директоры Айболат Әбенов айтты. 

«Аграрлық несие коропорациясы» АҚ 2001 жылы құрылды. 

Бұл - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы. Корпорация ауыл-аймақтардағы бизнес конкуренциясын дамыту үшін қолжетімді кредит беруді жүйелі ұйымдастырып келеді. 

2017 жылдан бастап копорация көктемгі суару жұмыстарын қаржыландыратын операторлық қызмет атқаруда. Қаржыландыру жұмыстары 2021 жылдың 25 ақпанында «Кең дала» бағдарламасы аясында басталды. Жыл басынан «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру үшін 66 млрд теңгеден астам ақшаға өтініш берілген. Бүгінгі таңда бізден 1 344 өтініш берушілерге несие берілді, ауылшаруашылық өнімдері нарығындағы кәсіпкерлерге 48,9 млрд теңге қаржы бөлінді. 1106 берілген өтінішке 11,7 млрд теңге қаржы бөлу мақұлданды. 5,3 млрд теңгеге берілген 105 өтініш әлі қаралуда. 7,2 млрд теңге қаржы алу үшін 156 ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпкерлердің құжаттары тексеруден өтуде, - деді Айболат Әбенов.

Оның айтуынша, осы бағдарлама бойынша қаржы түскен күннен бастап 18 жұмыс күнінде бөлінген бюджеттің 70%-ы үлестірілді.

 Көктемгі суару жұмыстарына қаржы алу үшін тікелей байланысқа шығудың қажеті жоқ, екінші деңгейлік банкке, несие бойынша біз қаржыландыратын еншілес микрофинанстық ұйымға хабарласуға болады, - деді ол. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Қазақстанды қуаңшылық жайлауы мүмкін.


Раушан САПАР
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы