2 Қараша 2026, 19:16 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков

Көкшетауда 4-қабаттан құлаған бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Көкшетауда алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетауда жазатайым оқиға болды. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен алты жасар бала құлап кетті.

Зардап шеккен бала көптеген жарақатпен Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде бала ересектердің қарауынсыз қалған болуы мүмкін.

BAQ.KZ сауалынан кейін полиция бұл деректі растады.

Бұл факт Полиция басқармасында тіркелді. Алдын ала ақпарат бойынша, 2020 жылы туған кәмелетке толмаған бала төртінші қабаттан құлап кеткен. Құлау салдарынан бала әртүрлі дене жарақаттарын алды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, - деп жауап берді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қауіпті ойын: Балқашта екі оқушы 4-қабаттағы балконға терезе арқылы өтті

Астанада 12-қабаттан секіргелі тұрған бойжеткен құтқарылды 

Астанада добын аламын деп темір торға қысылып қалған бала құтқарылды