«Көгілдір фишкалар» өсіп жатыр, мұнай арзандауда: Ормуз бұғазының ашылуына нарық қалай әсер етті?
Экономистер соңғы мәліметтерді көрсетті.
Нарық Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуіне жауап берді. «Көгілдір фишкалар» 1,5%-ға өсіп, Brent маркалы мұнай 10%-ға арзандады, деп хабарлайды BAQ.KZ Oninvest.com-ға сілтеме жасап.
АҚШ акциялары 17 сәуірдегі негізгі сессияны күрт өсіммен ашты. Нью-Йорктегі сауда-саттықтың ашылуына аз уақыт қалғанда Иран Ливандағы атысты тоқтату кезінде Ормуз бұғазын коммерциялық кеме қатынасы үшін толығымен ашатынын жариялады.
Басылым авторлары мәліметтерді келесідей түсіндіреді.
Dow Jones Industrial Average «көгілдір фишкалар» индексі сауда басында 1,5%-ға жуық жоғарылады.
Nasdaq Composite технологиялық сектор индексі шамамен 1%-ға өсті.
S&P 500 кең нарық индексі 0,8%-ға көтерілді.
Ал Иранда соғыс басталғаннан кейін басты қорғаныс активіне айналған доллар, бұл арада бүкіл өсімін жоққа шығарды.
Bloomberg доллар индексі 0,5%-ға төмендеп, 27 ақпаннан бергі ең төменгі деңгейге түсті.
Еске салайық, бұған дейін Иран бітімгершілік уақытында Ормуз бұғазы ашылатынын мәлімдеді.