Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жақсарту қажет, кедергілер бар – Бекзат Алтынбеков
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сондықтан қоғамдық келісім кеңестері елдің ұйып отыруына, келісім мен бірлікте өмір сүруіне, жалпы жақсылыққа бағыттайтын қоғамдық институт. Біз осыны дұырыс пайдалана білуіміз қажет. Бұл туралы Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков ҚХА-ның форумында айтты.
Оның айтуынша, қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестің әлі де аражігін ажырата алмай отырған орта көп.«Қоғамдық келісім кеңесі бүгінгі таңда не атқарып жатыр, деген сұрақ кез келген қазақстандықты ойландыруы мүмкін. Қоғамдық келісім кеңестері мен Қоғамдық кеңесті әлі де аражігін ажырата алмай отырған орта көп. Яғни қарапайым халыққа әлі толығымен жетпеген мағлұматтар бар деп есептейміз. Қарағанды қаласындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ретінде, жалпы елмен, халықпен етене араласу мақсатында қоғамдық келісім кеңестерінің ел ішіндегі елдіктің, бірліктің сақталуын қамтамасыз ету тұрғысында атқарып жатқан еңбегі зор. Келісім орын тапқан жерде мәселе болмайтындығын жеткізу мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатырмыз», - дейді ол.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 216 қоғамдық келісім кеңесі бар екен. Оның 1 облыстық, 9 аудандық, 8 қалалық, сонымен қатар 194 ауылдық, 4 кәсіпорында құрылған.
«Қазір қоғамдық келісім кеңестерін ірі кәсіпорындардың барлығы өздерінде құруға ниет білдіруде. Оның беретін жемісі көп. Бүгінгі форумда Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев негізгі проблемаларға тоқтала отырып, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жақсартуға нақты бағдар берді. Қоғамдық келісім кеңестері агро салаға бөлінеді. Бүгін «Ауыл ел бесігі» деп жатырмыз. Осы мақсатта 90 млрд теңге қаржының бөлініп, дұрыс мақсатта жұмсалуы, оның елге жетуін осы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қадағалайды және соған жауапты», - дейді Б. Алтынбеков.
Сөз арасында ол, қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жақсарту қажеттігін, кез-келген салада кедергі бар екенін атап өтті.
«Оған облыс, аудан әкімдері, кез-келген мекеме басшылары дұрыс көңіл бөлетін болса, уақыт өте келе сол елді мекеннің басшыларының идеологиялық жұмысы алға жылжитынына куә боламыз. Сондықтан қоғамдық келісім кеңестері елдің ұйып отыруына, келісім мен бірлікте өмір сүруіне, жалпы жақсылыққа бағыттайтын қоғамдық институт. Біз осыны дұрыс пайдалана білуіміз қажет», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Онлайн нұсқасы бар басылымдарды салықтан босату ұсынылды
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы