Тоқаев киік қырғандарға қатысты: Қаскөйлер қатаң жазалануы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға заңсыз түрде киік мүйізін асырмақ болған браконьерлерге қатаң жаза қолдану керектігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деді ол өз жазбасынды.

Сонымен қатар президент мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды да қатайту керектігін айтты.

"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет" - деп жазды Мемлекет басшысы өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы