Халықтың үні тыңдалатынына қуаныштымын - Меруерт Башай
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда бейбіт митинг заң жобасын талқылауға байланысты қоғамдылық тыңдалым өтті. Онда Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы облыстық филиалының басшысы, көпбалалы ана Меруерт Башай пікірін білдірді.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысумен өткен диалог алаңында бейбіт митинг жайлы заң жобасына қоғам белсенділері, ғалымдар, журналистер үн қосты.
Бұл заңды халықтың талқылауына салып жатқан басшыларға алғысымды білдіремін. Көпбалалы ана, әлеуметтік желілерде өз ойын ашық білдіретін азамат ретінде бұл заң жобасын толығымен қолдап отырмын. Халыққа сөз бостандығы беріліп, адамдар өз ойын еркін жеткізе алатын мүмкіндік туғанына қуаныштымын, - дейді Меруерт Башай.Оның сөзінше, заңның толықтыруды, өзгертуді қажет ететін кейбір жерлерін ескерудің маңыздылығы зор.
Менің ойымша, халық көп шоғырланған жерлерде, балалар көп жүретін орындарда митинг өткізуге рұқсат бермеу керек. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздігімізге байланысты көршілес елдермен шекаралас елді-мекендерде митинг өткізбеу мәселесін ескеру қажет деген пікірдемін, - деді Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы облыстық филиалының басшысы.
Еске салайық, Қарағандыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы диалог алаңда талқыланды. Жиынға арнайы келген ҚР ақпарат министрі Дәурен Абаев митингтен қорықпайтындығын айтса, қарағандылық қоғам белсендісі Жексен Әбдрахманов заң "Еститін мемлекет" тұжырымдамасының жарқын көрінісі екендігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сәулет Оскарын екі әйел жеңіп алды
Өзгелердің жаңалығы