Кейбір депутат Алматыға қашып кетті – Қырғызстанның жаңа премьері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның жаңа премьері Садыр Жапаров парламенттің кезектен тыс отырысында 5-6 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздік кезінде кейбір депутат Алматыға қашып кеткенін айтты.
Бұл туралы 24.kg хабарлады. Жапаровтың айтуынша, 6 қазанда түнде болған оқиға революция емес.
Мемлекеттік төңкеріс - бұл билікті басып алу салдарынан Президент пен басқа да заңды органдардың қашуы. Біздегі билік заңды жолмен, яғни халық көтерілген соң ауысты. Парламент депутаттары бас сауғалап қашты, - деді жаңа премьер.
Бұл мәлімдеме депутаттардың ашуын келтірді. Сонан соң Жапаров басқа нәрсені меңзегенін мойындады.
Кешіріңіздер, мен кейбір депутаттың Алматыға қашқанын естідім. Олардың әлі де сонда екенінен хабардармын, - деп қосты ол.
Айта кетсек, бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды. Ол Қырғызстандағы жағдай үшін барлық саясаткерді халықтан кешірім сұрауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәкістанда TikTok-ты бұғаттап тастады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы