Келесі қазақстандық ғарышкер кім болады?
Келесі қазақстандық ғарышқа қашан ұшады? Бұл сұраққа үкімет отырысынан соң өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда ғылыми ғарыш саласында 6-шы бағдарлама әзірленіп жатыр. Ғарышкерді ұшыру – бұл үлкен инвестиция, сондықтан біз қолайлы баға мен мүмкіндікті жүзеге асыру үшін әртүрлі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгінде ғарышкер ретінде нақты бір адам таңдалған жоқ. Бірақ басқа компаниялармен және халықаралық серіктестермен бұл мәселе талқылануда, – деді Мәдиев.
Цифрлық даму министрі нақты адам таңдалмағанын айтты.
Елімізде ғарышкер болуға лайықты деңгейде дайындалатын азаматтар бар деп ойлаймын. Дегенмен, дәл қазір осы мақсатта арнайы дайындалып жатқан нақты адам жоқ екенін айтқым келеді. Бірақ бәрі уақыт еншісінде, – деді Жаслан Мәдиев.
Еске сала кетейік осыған дейін алдағы мерекелерде пойыз билеттері қымбаттай ма деген сұраққа Көлік министрі жауап берген еді. Елімізде пойыздар неге жиі кешігетіні де айтылды. Қарабаев еліміздегі вагон тапшылығын қалай шешетінін де айтты.