Қазір біз қолданатын үш негізгі сөз бар: ұят, намыс, рух – зерттеуші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы қоғамдық құндылықтарды екі жыл қатарынан зерттеген сарапшылар зерттеу барысындағы қызықты сәттер және нәтижелерімен, пікірлерімен бөлісті.
"Қоғамдық пікір" ҚҚ директоры Ботагөз Рақышева 2 жыл бойы жүргізілген зерттеу қызықты өткенін айтты."Біз ойластық, дауластық, теория тарапынан талқыға салдық және бұл жоғары деңгейлі интеллектуалды жұмыс болды деп айта аламын. Мен осы 2 жыл қызықты атқарылған жұмыстар үшін рахмет айтқым келеді. Біз нақты жоба, яғни халықтың құндылығын зерттеумен жұмыс жасадық. Бәлкім дәл осы уақытта жобаны жасауға сәті туып тұрды. Дегенмен бұл жобаны 20 жыл бұрын жасағанымызда, кейін казіргі жұмыстармен салыстыруымыз мүмкін болар еді. Сонда да осы маңызды, керекті, жан-жақты, әртүрлі жоспарлы жоба біздің ғылыми қоғамдастығымызға әрі қарай оны пікірге салып, дамытуға жағдай жасайды. Қазіргі сәтте кітаптың жарыққа шығуы біздің бірлескен авторларымызға, сондай-ақ бізді біріктіріп, қиындығына қарамай әртүрлі ғылымы қоғамдастықты ұйымдастырып, бізді жетелеп, командиріміз болған Толғанай Умбеталиеваға алғыс айтқым келеді. Міне, нәтижесінде конференция және кітаптың жарыққа шығуы, автордың кітапты өз қолына ұстап тұруы үшін Эберт қорының жетекшісіне алғыс білдіргім келеді", - деді ол.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлеуметтану кафедрасының сарапшысы Гүлнара Исмұханова зерттеудегі ерекшеліктер туралы айтып өтті.
"Қоғамда соңғы 2-3 жылда қоғамдық пікірталасқа қатысты көптеген өзгерістер орын алғанына көзіміз жетті. Оның қорытындысында біз жаңғырушылар мен дәстүрлі ұстанымдағылар арасындағы ажырау процесін көреміз. Мен ғалыми зерттеуші ретінде жаңғырту теориясымен қарым-қатынасым күрделі екенін айта аламын. Себебі, мен бұл теорияның басым бағыттары мен кемшілігін көріп отырмын. Біз "Қазіргі заманғы Қазақстанның өмірінде терең қазақи құндылықтардың орны қандай?" деген сұрақтарға жауап іздей бастадық. Қазір біз қолданатын үш негізгі сөз бар. Олар: ұят, намыс, рух", - деді ол.
Сондай-ақ, зерттеуші 2000 жылдардың басында философия факультетінде "намыс" сөзіне қатысты диссертация да қорғалғанын айтты.
"Бұл қазақ философиясы үшін өте жаһандық мәселе болатын. Қазақтың "рухы" - бізді қолдайтын, қорғайтын және биікке жетелейтін қасиет. Зерттеудің негізгі нысаны – заманауи қазақстандық қоғамдық құндылықтардың көзі. Бұл өте жақсы даму көрсеткіші шығар. Себебі, қазір біз құндылықтар туралы пікірталас құрып отырмыз. Олар бізді біріктіреді де, ажыратады да. Топта танымал әлеуметтанушы мен зерттеушілер және журналистермен жұмыс істедік. Құндылықтар – жұмыстың тәртібін құрастырады. Зерттеу адамның өзгеріске ұшырауын айқындатады. Меніңше, зерттеу елдің күрделі даму кезеңінде тамырын тексергендей болды. Зерттеудің бірегейлігі – қазақстандық қоғамның екі саяси дәуірдегі мәртебесін салыстыру", - деді ол.
Сонымен қатар, Гүлнара Исмұханова қазақстандық құндылыққа еуропалық құндылықтар әсер еткені белгілі болғанын айтты.
"Бұл көрсеткішке жаһандану факторы үлкен әсер еткен. Құндылықтардың қарқыны қоғамдық топтардың жіктелуіне байланысты болды. Посткеңестік дәстүрлі вакуумның ауыстырылуы болып отыр", - деді ол.
Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстан және Өзбекстандағы аймақтық директоры Кристоф Мор зерттеуде қазақстандық қоғамның құндылықтары нақты берілгенін айтты.
"Зерттеуде қазақстандық қоғамның құндылықтар сипаты мейлінше нақты берілген, қазіргі заманғы әлемде алға шыққан құндылықтар жағдайында қазақстандық азаматтардың келбеті тура сипатталған және адамдардың өз ұқсастықтарын қалай түсінетіні, тілге, дінге және отансүйгіштікке деген көзқарастары дәл берілген", - деді Кристоф Мор.
Сонымен қатар, К.Мор ұлттық құндылықтарды діни және адами капитал тарапынан қарастыру қолға алынып отырғанын айтты.
"Құндылықтар туралы мәселе қоғамның дәл ортасында тұр. Бұл тек Қазақстан үшін ғана маңызды мәселе емес. Қазақстан өзге елдерден айырмашылығы жоқ. Бізді біріктіретін немесе керісінше, алыстататын мәселелерді түсіну қажет. Құндылықтардың жалпы бір ортадан шығуы да өте маңызды. Себебі, қоғам бір құндылықтарды талқылайтын, бір көзқарасы бар "дене" болуы керек. Мәселен, мен туған Германияда қоғамның өкілдері бір тілде сөйлемейді, бір құндылықтарды талқыламайды. Қоғамның ішіндегі қоғам болып бөлінген. Бұл популизмге көп үлесін қосты деп ойлаймын. Бұл тек неміс мысалы ғана осы мәселелерге шешім табу керегін көрсетеді", - деді К.Мор.
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, қоғамдағы адамдарды біріктіретін өнер туралы айту керек.
"Сондықтан да, зерттеуге қатысқан және пікірталаста өзінің пікірін білдірген әр адамға алғысымды білдіремін", - деді ол.
Айта кетсек, елодада "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары" атты зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы