Қазақстандық энергетиктердің жалақысы жиырма жылдан бері өзгермеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандық энергетиктер кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас айтты.
Оның айтуынша, қазіргі күні елдегі жылу және электр энергиясын өндіру және тарату кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төнердей жағдай қалыптасты.
Мұндай жағдайға соңғы екі онжылдықта өзгермеген жалақы деңгейінің жай-күйі себеп болып отыр. Қазақстанның энергетиктері жалақы мен мамандық беделі деңгейі бойынша ТМД елдері арасында ғана емес, сонымен қатар еліміздің аймақтардағы өндірістік кәсіпорындардың арасында да аутсайдерлері болып қалуда. Ұлттық статистика бюросының 2020 жылғы 4-тоқсандағы мәліметтері бойынша елдегі орташа жалақы 233 136 теңгені құраса, энергетиктердің жалақысы елдегі орташа жалақымен салыстырғанда 6,86%-ға төмен екендігі анықталып отыр, - дейді ол.
Жалақының аздығы кадрлардың басқа жоғары жалақы төленетін салаларға, тіпті көрші мемлекеттерге кетуіне алып келген.
Мысалы, «Атырау Жарық» АҚ-да 1311 қызметкердің 98-і өткен жылы жұмыстан шығып кеткен. 753 қызметкерден тұратын «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК-дан 156 адам шыққан. 1158 жұмысшының ішінен «Севказэнерго» АҚ-тың 191 маманы Ресей Федерациясына жұмысқа кетті. Салыстыру үшін көрші елдерден келген энергетиктердің жалақысы жалпы елдегіден 21% жоғары. Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 28%, ал Қырғыз Республикасында - 44%,- дейді ол.
Оның айтуынша, негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60%-ға дейін болған кезде ел экономикасы үшін маңызды болып табылатын өнеркәсіптегі кадрлардың кету айналымы ЖЭО, ГРЭС-тің тоқтап қалу қаупін туғызады, бұл экономикаға және халықтың тіршілігіне сөзсіз әсер етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қанша адамның жұмыссыз отырғаны белгілі болды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы