Қазақстандық әртістер #ImanbekDanceChallenge челленджін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы әлемге танымал болған #JerusalemaDanceChallenge әлемдік челленджі жаңа форматқа ие болды. 

Алматы қаласының әртістері бұл челленджді Иманбектің «Roses» (Imanbek Remix) хит әні негізінде жалғастырды. 

Әсерлі флешмобқа Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Сая Махамбет, Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, «Азия» және «Меломен» топтары қатысып, жаңа образдарымен таңғалдырды. Жаңа форматтағы челлендж пандемия кезінде халыққа қолдау көрсетуге және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған. 


Жаңа форматтағы челлендж пандемия кезінде халыққа қолдау көрсетуге және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған. Біздің әртістер заманауи трендтен қалыс қалмай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын флешмобты жаһандық індетпен күрестің бір тәсілі ретінде қарастырады, - деп жеткізді Алмас Алтынбеков. 

Отандық әртістер ендігі кезекте жаңа челленджді барлық концерттік ұйымға жолдап, өзіміздің қазақстандық таланттардың хиттерін трендке айналдыруға шақырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, #ImanbekDanceChallenge позитивке шақырып, адамзатты бірлік пен ынтымаққа үндейді. 

Еске салсақ, 15 наурызда қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен Grammy жүлдесін жеңіп алды. 

Сонымен қатар ресейлік Forbes «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» жыл сайынғы рейтингіне үміткерлер тізімін ұсынды. Тізімге ТМД-да бірінші болып «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірді.

Талантты жігіт ресейлік бағдарламаларға да шақырылды. Оның ішінде көпке белгілі «Вечерний Ургант»Comedy Club сынды бағдарламаларға қатысып, өзінің қарапайымдылығымен жұртты тәнті еткен еді.

Жақында Иманбектің тағы бір туындысына бейнебаян түсірілгені анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы