Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар, - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

24 мамырдағы жағдай бойынша 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы