Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз жұмысын тоқтатты.
Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына 2 000-нан астам азамат тартылған, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Қазір алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада ойындарын трансляциялау құқығына ие болды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы